Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: 40 пәтерлік №3 көппәтерлі тұрғын үйлердегі», Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,СПМК-70/4 тұрғын ауданы №3 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-2584.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 29.07.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 1
Пәтер түрі :
1 пәтер (үш бөлмелі), ең үлкен ауданы – 67,76 ш. м.
Брондау: "18" қыркүйек 2023 жылғы 10:00 сағ. бастап 19:00-ге дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!