Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде «Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемдарын беру арқылы әлеуметтік несиелік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру» бағытына қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.
Нысан: «№44 көппәтерлі тұрғын үй», объектінің коды 2940, Абай облысы, Семей қ., Қарагайлы т.а., 44 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 19 шілде 2023 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 200 000 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 81
Пәтер түрі 1: 2-бөлмелі, 54 пәтер, ең жоғарғы ауданы 53,80 ш.м.,
Пәтер түрі 2: 3-бөлмелі, 27 пәтер, ең жоғарғы ауданы 70,64 ш.м.,
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 27 шілде 2023 жылдан бастап 03 тамыз 2023 жылға дейін
Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 04 тамыз 2023 ж.
Қатысушыларды іріктеу тіркеу күні бойынша жүзеге асырылады. Тіркеу күні сәйкес келсе – қатысуға өтінімді беру күні мен уақыты бойынша.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініштер тек 2022 жылдың негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар.
3) толық емес отбасылар
Несие беру өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда, несие сомасының кемінде 10%-ы болған жағдайда мүмкін болады.
Пулға/тікелей сатуға берілген өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс алаңының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерімен және тұрғын үй схемасымен Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсына көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, Банктің Байланыс орталығына мына телефон бойынша хабарласыңыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!