Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемдарын беру арқылы әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату» бағыты бойынша қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды. 2026 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасының.
Нысан: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылы, Өмірзақ ықшам ауданыда жеке тұрғын үйлер құрлысы, нысан коды 2619. Мекен-жайы: Қазақстан, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылы, Өмірзақ ықшам ауданы, 86 үй.
Нысанды пайдалануға беру күні: 14.12.2020 ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 170 000 теңге «таза» әрлеудегі.
Жайлылық сыныбы: 4
Пәтер саны: 50
Пәтер түрі:1, 3-бөлмелі: 50- пәтер, максималды көлемі – 69.3 - 70.5 ш.м.
Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 16 ақпанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін.
Сатып алушылардың тізімін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 2023 жылдың 01 наурызы.
Қатысушыларды іріктеу тіркеу күні бойынша жүзеге асырылады. Тіркеу күні сәйкес келсе – қатысуға өтінімді беру күні мен уақыты бойынша.
Пулға қатысуға өтінімді Банктің интернет-ресурсында беруге болады https://otbasybank.kz/
Өтініштер тек ЖАО кезекте тұрған Банк салымшыларынан, негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша, келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
2) көп балалы отбасылар
3) толық емес отбасылар
Несие беру өтініш берушінің жинақ шотында несие сомасының 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда мүмкін болады.
Пулға/тікелей сатуға жіберілген өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсындағы толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!