Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: 50 пәтерлік көппәтерлі тұрғын үй, Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сырдария ш.а., Тәуелсіздік даңғылы, №33 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-3038.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 30.11.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 6
Пәтер түрі :
- 5 пәтер (екі бөлмелі), ең үлкен ауданы – 58,49 ш. м.
- 1 пәтер (үш бөлмелі), ең үлкен ауданы – 72,9 ш. м.
Брондау: «17» қаңтар 2024 жылдан 24 «қаңтар» 2024 жылға (қоса алғанда) дейін
10:00 сағ. бастап 19:00-ге дейін. (Астана қ. уақытымен)
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Қатысушыларды іріктеу барысында басымдық:
- Бірінші және екінші топ мүгедектері (несие алу ережесінің талаптарына сай);
- Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға беріледі.
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!