Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру | "Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды. Нысан: 50 пәтерлік көппәтерлі тұрғын үй, Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сырдария ш.а., Тәуелсіздік даңғылы, №33 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-3038.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

16 қаңтар 2024 Нысан коды: 3038

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

 

Нысан: 50 пәтерлік көппәтерлі тұрғын үй, Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сырдария ш.а., Тәуелсіздік даңғылы, №33 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-3038.

Құрылыстың аяқталған мерзімі: 30.11.2022 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.

Тұрғын үй бірлігінің саны: 6

Пәтер түрі :

-          5 пәтер (екі бөлмелі), ең үлкен ауданы – 58,49 ш. м.

-          1 пәтер (үш бөлмелі), ең үлкен ауданы – 72,9 ш. м.

Брондау: «17» қаңтар 2024 жылдан 24 «қаңтар» 2024 жылға (қоса алғанда) дейін   

                  10:00 сағ. бастап 19:00-ге дейін. (Астана қ. уақытымен)

 

Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Қатысушыларды іріктеу барысында басымдық:

-          Бірінші және екінші топ мүгедектері (несие алу ережесінің талаптарына сай);

-          Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға беріледі.

 

Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

 

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру