Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату мерзімінің ұзарғаны туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату мерзімінің ұзарғаны туралы хабарландыру

16 декабря 2023
Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан және 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй несиесін беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына тікелей сату мерзімінің ағымдағы 2023 жылдың 22 желтоқсанына 23-00 сағ. дейін ұзарғанын хабарлайды.

Нысан: «Астана қаласы, Есіл ауданы, Тельман тұрғын алабының оңтүстігінде, Е111, Е117, Е120, Е770 жобалық атаулары бар көшелер ауданы мекенжайында орналасқан, кіріктірілген үй-жайлары және автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені», құрылыстың 3-кезеңі , № 9 позиция», орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е117 көшесі, 35 ғимарат, «Бағыстан» тұрғын үй кешені. Нысан коды 3156.

Нысанды пайдалануға беру күні: 06.10.2023 ж.

«Таза» әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 220 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 142.

Тұрғын үй түрі 1: 1 бөлмелі, 4 пәтер, максималды ауданы 33,48 ш. м.;

Тұрғын үй түрі 2: 2 бөлмелі, 52 пәтер, максималды ауданы 65,1 ш. м.

Тұрғын үй түрі 3: 3 бөлмелі, 72 пәтер, максималды ауданы 88,37 ш. м.

Тұрғын үй түрі 4: 4 бөлмелі, 14 пәтер, максималды ауданы 102,89 ш. м.

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру