Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан және 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды.
Нысан: " 5 белгі. Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алаңы, 9 ықшам ауданындағы үй құрылысы", орналасқан мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, 9 ықшам ауданы, 5 нүкте.
Нысанды пайдалануға беру күні: 26.09.2023 жыл.
1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 238 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Жайлылық класы: 4
Пәтерлер саны: 90,
Тұрғын үй түрі 1: 1 бөлмелі, 12 пәтер, максималды ауданы 34,83-35,77 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 2: 2 бөлмелі, 18 пәтер, максималды ауданы 53,12-54,12 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 3: 3 бөлмелі, 60 пәтер, максималды ауданы 68,73-70,87 ш. м.
Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 16 қазаннан бастап 2023 жылдың 31 қазанға дейін аралықта.
Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 2023 жылдың 1 қараша.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Тұрғын үйді бөлу кезінде азаматтардың мынадай санаттары басымдыққа ие:
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады
Өтініштер ЖАО кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!