Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

11 сентября 2023

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан және 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды.

Нысан: " 40 жер телім, 3 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй құрылысы", орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын ауданы, Мəшһүр Жүсіп көшесі, үй 6

Нысанды пайдалануға беру күні: 25.01.2023 жыл.

1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.

Жайлылық класы: 3

Пәтерлер саны: 60

Тұрғын үй түрі 1: 1 бөлмелі, 15 пәтер, максималды ауданы 39,91 ш. м.;

Тұрғын үй түрі 2: 2 бөлмелі, 15 пәтер, максималды ауданы 52,75 ш. м.;

Тұрғын үй түрі 3: 3 бөлмелі, 30 пәтер, максималды ауданы 74,92 ш. м.

Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 12 қыркүйектен бастап 2023 жылдың 25 қыркүйекке дейін аралықта.

Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 2023 жылдың 26 қыркүйек

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады

Өтініштер ЖАО кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру