Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға дейінгі тұжырымдама шеңберінде «Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемдарын беру арқылы әлеуметтік несиелік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру» бағытына қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.
Нысан: «№44 көппәтерлі тұрғын үй», объектінің коды 2940, Абай облысы, Семей қ., Қарагайлы т.а., 44 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 19 шілде 2023 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 200 000 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 1.
Пәтер түрі 1: 3-бөлмелі, 1 пәтер, ең жоғарғы ауданы 70,64 ш.м.
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 23 қарашасынан Астана қ. уақытымен сағ. 10.00-ден бастап, 2023 жылдың 27 қарашасына Астана қ. уақытымен сағ. 19.00-ге дейін.
Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 28 қараша 2023 ж.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Тұрғын үйді бөлу кезінде азаматтардың мынадай санаттары басымдыққа ие:
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.
Өтініштер ЖАО кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!