Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату"/"Жылдық 5%-дан аспайтын аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштер қабылдайтындығын тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО Орал қ. Ақжайық ЕТЖК 4 шағын ауданындағы 1, 2 квартал көп пәтерлі тұрғын үйлер кешенінің құрылысы. № 2 үй (абаттандыру және инженерлік желілерсіз)», объектінің коды 4748, Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенті, 4 шағын ауданы, үй 20 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 27 маусым 2024 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 226 350 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 60
Пәтер түрі 1: 1-бөлмелі, 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 43,64 ш.м.
Пәтер түрі 2: 2-бөлмелі, 25 пәтер, ең жоғарғы ауданы 65,44 ш.м.
Пәтер түрі 3: 3-бөлмелі, 20 пәтер, ең жоғарғы ауданы 83,85 ш.м.
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 26 қараша сағ. 10.00-ден бастап, 2024 жылдың 02 желтоқсаны сағ. 23.00-ге дейін.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
"Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты шеңберінде тұрғын үйді бөлу кезінде 2% бойынша қарыздар саны төмендегі санаттар арасында тепе-тең бөлінеді:
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Бұл ретте мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға тұрғын үйді бөлу кезінде олардың төменгі қабаттардан алу тілектерін ескере отырып, басқа санаттағы кезекте тұрғандар алдында басымдық белгіленеді.
"Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату бағыты шеңберінде ЖАО-да кезекте тұрғандарға тұрғын үйді бөлу есепке қою күнін ескере отырып, жүзеге асырылады.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!