Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: "Ақмола обл, Ақкөл ауд, Ақкөл қал, Иманова көш, 18 үй, 5 қабатты, 45 пәтерлі тұрғын ұй",
орналасқан мекен-жайы: Ақмола обл, Буланды ауд, Макинск қал, Бөгенбай көш, 25Б үй
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 28.05.2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 140 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пул қалыптастырусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 27.04.2022ж. бастап 05.05.2022ж дейін.
Броньдау кезеңі 27.04.2022ж. 10-00с. бастап 05.05.2022ж. 23-00с. дейін.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!