Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: " Тараз, Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, 14 жер телім, 1 белгі, объектінің коды 1738", орналасқан мекен-жайы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 15 шағын аудан.
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 2021 жылдың маусым айында.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пулды қалыптастырусыз тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың сәуір айының 26.
Броньдау кезеңі "26" сәуір 2022 ж. 10:00 с. бастап 19:00 с. дейін.
Біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: объектіге өтінімді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!