Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарландыру

31 мамыр 2022

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.

Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО-да орналасқан 12 қабатты тұрғын үйлер» №3 учаске (сыртқы желілерсіз және абаттандырусыз)», объект коды 2135, орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қ. ӘІО.

Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: 2022ж.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 180 000 теңге «таза» әрлеуде.

Жайлылық сыныбы: 4.

Пәтер саны: 8

Пәтер түрі: 3-бөлмелі: 8 пәтер, максималды көлемі 88 — 88.59 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 03.06.2022 жылдан бастап 13.06.2022 жылға дейін (қоса алғанда).

Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 14.06.2022 жыл.

Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған және оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Банк салымшылары Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Нысан үшін және оны одан әрі іске асыру үшін дауыс береді.

Өтініш берушіде тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде не тіркелген сомада жинақ шотындағы тұрғын үй құрылысы жинақтарының тиісті сомасы болған кезде Пулға қатысуға өтініш беруге болады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін -таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру