Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" пул қалыптастырусыз сату туралы хабарландыру!

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" пул қалыптастырусыз сату туралы хабарландыру!

28 шілде 2022

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сататындығы жөнінде хабарлайды.

Нысан: "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орналасқан, 4 пәтерлік жер учаскесі бар 10 көппәтерлі тұрғын үй", Қазақстан, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, 5 квартал аумағы, №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың аяқталған мерзімі: 30.12.2020 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.

Пәтер саны: 39
Пәтер түрі 1: 20 пәтер, ең үлкен аумағы 48 ш.м.,
Пәтер түрі 2: 19 пәтер, ең үлкен аумағы 65,50 ш.м.

Пулды қалыптастырусыз «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі және уақыты: 28.07.2022 бастап сағат 10:00-ден 10.08.2022 ж. Сағат 23:00-ге дейін.

Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған және кезекте тұрған болып табылмайтын Банк салымшыларынан, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағытының келесі санаттарынан да қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Бақытты отбасы" бағыты қатысушылары үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің Оtbasybank.kz интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру