Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» бағыты бойынша тұрғын үйді пул қалыптастырусыз сату туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» бағыты бойынша тұрғын үйді пул қалыптастырусыз сату туралы хабарландыру

26 июля 2023

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйдің сатылатыны туралы хабарлайды.

Нысан: 40 пәтерлік №1 көппәтерлі тұрғын үйлердегі», Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,СПМК-70/4 тұрғын ауданы №1 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-2394.

Құрылыстың аяқталған мерзімі: 05.05.2022 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.

Тұрғын үй бірлігінің саны: 5

Пәтер түрі :

-2 пәтер (үш бөлмелі), ең үлкен ауданы – 67,76 ш. м.

-3 пәтер (екі бөлмелі), ең үлкен ауданы – 58,1 ш. м.

Пул қалыптастырусыз «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 31 шілдесі.

Пәтерлерді брондау мерзімі: сағат 10:00 ден 19:00-ге дейін.

Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.

Өтініштер ЖАО-да, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша кезекте тұрғандар болып табылатын, сондай-ақ кезекте тұрғандар болып табылмайтын Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жайғасымын Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді баспана" бөлімінде танысуға және көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру