Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні туралы хабарландыру

10 маусым 2022

Құрметті салымшылар!     

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.

Нысан: «Многквартирный жилой комплекс со встроенными помещениями и паркингом в АДЦ г.Туркестан №5, №5/1 дома, 1 очередь» код объекта 1831.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: Аяқталған.

Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 180 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 9 пәтер,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 2пәтер, ең үлкен аумағы 36.88 ш.м.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 4 пәтер, ең үлкен аумағы 45.73 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 3 пәтер, ең үлкен аумағы 66.65 ш.м.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 16.06.2022 ж.

Брондау мерзімі: 16.06.2022 сағат 10-00 бастап 19-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер Банктің салымшыларынан, ЖАО кезекте тұрмағандардан, ЖАО кезегінде тұрғандардан да, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағытында, келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы таңдалған пәтер құнының белгіленген сомасы бар болған кезде қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін -таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.

 Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Тікелей сатылымға ұсынылған өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптарды, құрылыс нысанының сипаттамасы, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттері мен тұрғын үйдің орналасуын қарау, Банктің интернет-ресурсында Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру