Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді жүзеге асыру» бағыты бойынша тұрғын үйді пул қалыптастырусыз сату туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді жүзеге асыру» бағыты бойынша тұрғын үйді пул қалыптастырусыз сату туралы хабарландыру

4 қазан 2023

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді жүзеге асыру " бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйдің сатылатыны туралы хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы, 10К үй Локомотив көшесі мекенжайында орналасқан "50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй" нысаны.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: аяқталды.

Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 160 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 11 (бөлінетін пәтерлер саны)

Пәтер түрі 1-бөлмелі: 7 пәтер, ең үлкен ауданы 44,36 ш.м.;

Пәтер түрі 2-бөлмелі: 3 пәтер, ең үлкен ауданы 55,85 ш.м.;

Пәтер түрі 3-бөлмелі: 1 пәтер, ең үлкен ауданы 68,25 ш.м.

Пул қалыптастырусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 06.10.2023ж. бастап 16.10.2023ж. дейін.

Брондау кезеңі 06.10.2023ж. 10:00 сағ. бастап 16.10.2023ж. 23:00 сағ. дейін.

Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

[Өтініштер ЖАО-да, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша кезекте тұрғандар болып табылатын, сондай-ақ кезекте тұрғандар болып табылмайтын Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.]

Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында беруге болады.

Өтінішті берген күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушінің кезектілігіне әсер етпейді.

(Пуллға қатысуға өтінім беру үшін өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылысының жинақталған сомасы болуы қажет).

Өтініш берушіге қарыз беру үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% - ы мөлшерінде, "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының жинақ шотында болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жайғасымын Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе https://hcsbk.kz/ru/#интернет-ресурсында "Қолжетімді баспана" бөлімінде танысуға және көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру