Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е44, Е45, Е20 көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы. (Сыртқы коммуникациялары жоқ және аббаттандырусыз). Астана қ., Есіл ауд. Е20 көшесі, 6 үй. Нысан коды 1900.
Үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 220 000 теңге.
Пәтер саны: 36,
Пәтер түрі: 1 бөлмелі: 35 пәтер, ең жоғарғы ауданы 28,21 ш. м.
Пәтер түрі: 2 бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы ауданы 44,97 ш. м.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 05.05.2023 ж. бастап 15.05.2023 ж. дейін.
Брондау мерзімі 05.05.2023 10-00 бастап 15.05.2023 жылға сағат 23-00-ге дейін.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер жергілікті әкімдіктің тұрғын үй кезегінде тұрған салымшылардан және «Бақытты отбасы» бағыты бойынша негізгі тізімге өткен келесі категориялармен үй кезегінде тұрған Банк салымшыларынан қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Берілген өтінімдерді тарату бөлу/тікелей сату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үй макетін қарап, Банктің интернет-ресурсында Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!