Құрметті салымшылар!
Нысан: ««E250, E30 жобалық атауы бар көшелердің қиылысы ауданында көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы» Астана қ».
Тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы Есіл өзенінің сол жағалауында, Омарова мен. Хайым Мұхамедханов қиылысында орналасқан. Жақын маңда Ағылшын мектебі нөмер 81, «Технология және бизнес университеті» орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31.12.2020 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 220 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: IV
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 28.10.2020 ж. бастап 11.11.2020 ж. дейін
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 12.11.2020
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!