Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

21 қазан 2022

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Қарағайлы тұрғын алабындағы №80 көппәтерлі тұрғын үй», 2518 коды", Абай облысы, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 23 қыркүйек 2022 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 200 000 теңге.

Жайлылық класы: IV

Пәтер саны: 72,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы 40,8 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы 53,0 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы 59,8 ш.м.,
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы 64,8 ш.м.

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 22 қазан 2022 жылдан бастап 21 қараша 2022 жылға дейін.

Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 22 қараша 2022 жылы.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініштер тек негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасының нысанына қатысуға өтінім беру арқылы Банк салымшылары нысанға және оны одан әрі іске асыруға дауыс береді.

Несие беру өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда, «Бақытты отбасы» бағытына қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы болған жағдайда мүмкін болады.

Пулға/тікелей сатуға берілген өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс алаңының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерімен және тұрғын үй схемасымен Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсына кіруге болады және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, Банктің Байланыс орталығына мына телефон бойынша хабарласыңыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру