Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: "Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталында» орналасқан, 40 пәтерлік №1 көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды-2394.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 05.05.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 3
Пәтер саны: 33
Пәтер түрі: 2 бөлмелі: 18 пәтер, ең үлкен аумағы 58,1 ш.м;
Пәтер түрі: 3 бөлмелі: 15 пәтер, ең үлкен аумағы 67,76 ш.м.
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 17 сәуірінен бастап 2023 жылдың 02 мамырына (қоса алғанда) дейін.
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 03 мамыр 2023 ж.
Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушіге қарыз беру үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% - ы мөлшерінде, тұрғын үй құрылысы жинақтарының жинақ шотында болған кезде мүмкін болады.
Несие мөлшерлемесі – 5% -ға дейін
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2% дан бастап.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!