Құрметті салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: "Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталында» орналасқан, 60 пәтерлік №9 көппәтерлі тұрғын үй, , нысан коды-2217.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 13.10.2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 3.
Пәтер саны: 3.
Пәтер түрі: 2 бөлмелі: 3 пәтер, ең үлкен аумағы 56,32 ш.м.,
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 09 желтоқсаннан бастап 2022 жылдың 18 желтоқсанға (қоса алғанда).
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 19 желтоқсан 2022 ж.
Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушіге қарыз беру үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% - ы мөлшерінде, "Шанырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының жинақ шотында болған кезде мүмкін болады.
Пуллға қатысуға өтінім, егер өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылысының жинақталған сомасы болса.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты Отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!