Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

2 қыркүйек 2020

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша  қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы

жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Өскемен қаласының 19 тұрғын үй ауданының төртінші орамындағы бес қабатты тұрғын үй құрылысы инженерлік желілерімен». Тұрғын үй 91 ұстаным. Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы. 19 тұрғын ауданы, мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.09.2020.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 140 000 теңге (1-ші - 4-ші этажға дейін) «таза» әрлеудегі теңге.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 100 000 теңге (мансарда – 5 этаж) «таза» әрлеудегі теңге.

Жайлылық сыныбы: 4

Пәтер саны: 73,

Пәтер түрі:1, 1-бөлмелі: 24- пәтер, максималды көлемі – 39,31 ш.м.

Пәтер түрі:2, 2-бөлмелі: 12- пәтер, максималды көлемі –51,46 ш.м.

Пәтер түрі:3, 2-бөлмелі: 12- пәтер, максималды көлемі – 57,11 ш.м.

Пәтер түрі:4, 3-бөлмелі: 10- пәтер, максималды көлемі – 68,14 ш.м.

Пәтер түрі:5, 1-бөлмелі: 6- пәтер, максималды көлемі – 43,18 ш.м.

Пәтер түрі:6, 2-бөлмелі: 3- пәтер, максималды көлемі – 56,19 ш.м.

Пәтер түрі:7, 2-бөлмелі: 3- пәтер, максималды көлемі – 62,27 ш.м.

Пәтер түрі:8, 3-бөлмелі: 3- пәтер, максималды көлемі – 73,26 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 01.09.2020ж. бастап 28.09.2020ж. дейін.

Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 29.09.2020ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернетресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді. 

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады, ЖАО-да кезекте болуы керек.

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына  қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернетресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.



Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру