Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

26 қазан 2020

Құрметті салымшылар!

 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк)   Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына  «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу»  бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Астана қаласында жобалық атаулары A82, A91 бар көшелер қиылысы аймағында кіріктірілген үй-жайлары мен автотұрақтары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы» 2-бөлім (Блок-1,2).

Тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы Есіл өзенінің оң жағалауында, жобалық атаулары бар А82, А91 көшелерінің қиылыстары аймағында, А. Байтұрсынұлы көшесінің солтүстігінде, жақын маңда - «Нұрлы жол» теміржол вокзалы орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31.12.2020 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде  220 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: IV

Пәтер саны: 82,
Пәтер түрі:  1 - бөлмелі пәтер:  22 пәтер, ең үлкен аумағы 39,60 ш.м.,
Пәтер түрі:  2 - бөлмелі пәтер:  36 пәтер, ең үлкен аумағы 58,38 ш.м.,
Пәтер түрі:  3 - бөлмелі пәтер:  24 пәтер, ең үлкен аумағы 71,86 ш.м.,

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі:  28.10.2020 ж. бастап 11.11.2020 ж. дейін

Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 12.11.2020

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады.  Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар  санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Өтініш берушінің  жинақ шотында  пәтер құнының 10%  кем емес  көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш  беру мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе  www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру