Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқауға қатысуға өтініштер қабылдаудың басталғандығы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқауға қатысуға өтініштер қабылдаудың басталғандығы туралы хабарландыру

8 февраля 2021

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқауға өтініштер қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.
Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зашаған кенті, Солидарности көшесі, 25 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №50 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)».

Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.12.2020 жыл
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 140 000 теңге «таза» әрлеуде

Пәтер саны: 11
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 8 пәтер, максималды көлемі 39,82 ш.м;
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 3 пәтер, максималды көлемі 63,29 ш.м.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 15.02.2021ж. – 01.03.2021ж.

Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 02.03.2021 ж.

Өтініштер ЖАО кезегінде жоқ, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру