Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

3 желтоқсан 2020

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Самал көшесі, 92 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі 9 қабатты №3 көппәтерлі тұрғын үйді ірі панелді сызбасы бойынша салу (Сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз)».

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.12.2020 жыл
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 140 000 теңге «таза» әрлеуде
Жайлылық сыныбы: 3
Пәтер саны: 180
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 72 пәтер, максималды көлемі 40,16 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 72 пәтер, максималды көлемі 60,08 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 36 пәтер, максималды көлемі 83,49 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 8 желтоқсанынан бастап 2020 жылдың 27 желтоқсанына дейін.

Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 28 желтоқсан 2020 жыл.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинағы болуы тиіс.

Үміткерлер тізімі кезекте тұрған өтініш білдірушінің «ерте кезекке тұрғызылған күнннен кешірек кезекке тұрғызылған күнге сәйкес» принципі бойынша іріктіледі. Кезекке тұрғызылған уақыт сәйкес болған жағдайда, жүйе автоматты түрде «пулға қатысуға берілген өтініш күні мен уақытқа» сәйкес анықтайды.

Заем берілу мүмкіндігі, өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағының болуы.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру