Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Тұрғын үй бағасының және/немесе техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы хабарландыру

Тұрғын үй бағасының және/немесе техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы хабарландыру

14 января 2020
Құрметті салымшылар!

2019 жылы 15 ақпаннан бастап 16 мамырға дейінгі кезеңде Қостанай қалаласы «Юбилейный шағын аудаданындағы бес қабатты №19 тұрғын үйдің құрылысы», нысан коды 1376 бойынша «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін салымшылардың дауыс беруі өткізілді.

Салымшылардың дауыс беруінің нәтижесі бойынша (салымшылардың өтініштерін қабылдау) Нысан келісілді деп танылды және Банк салымшыларына Нысаннан тұрғын үй берілу мүмкіндігі анықталды.

Банкке ЖАО тарапынан келіп түскен хатқа сай, нысан бойынша тұрғын үйдің 1ш.метрінің бағасы 140 000 теңгеден 131 875,92 теңгеге өзгертілді.

Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, Банкке хабарласу арқылы Бағдарламаға қатысуға берген өтініштерін жойып тастай алады.
Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді деп есептейтін болады. Бағдарламаға қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үй өткізуді бағдарлама тәртібінде және талаптарында жалғастырады.

Осы нысанға дауыс берген және Бағдарламаға қатысуға өтініштерін жойған Банк салымшылары Банк іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарының өткізілуіне дауыс беруге қатыса алады.

Өткізілуі жоспарланып отыратын Нысандар бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру