Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

ШҚО-да қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

ШҚО-да қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

2 Октября 2017
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Нұржау көшесінде орналасқан 40-пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, №2 айқындама».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2016 жылдың қыркүйек айы.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 119 000 теңге.
Жайлылық класы: IV.
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 8, олардың:
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы аудан 85,64 ш.м.
Өңірлік жобаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 04.10.2017 жылдан бастап 12.10.2017 жылға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 13.10.2017 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 19.10.2017 жылдан бастап 27.10.2017 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 19.10.2017 жылдан бастап 08.11.2017 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 09.11.2017 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс