ШҚО Өңірлік бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

ШҚО Өңірлік бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

5 июня 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.

Нысан: «ШҚО, Семей қаласы, Театральная көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысы», Коды-193, ШҚО, Семей қ., Театральная көшесі мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 135 000 теңге.
Пәтер саны: 3, соның ішінде:
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 3 пәтер, ең үлкен ауданы 68,00 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 07.06.2017 жылдан бастап 20.06.2017 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 07.06.2017 жылдан бастап 25.06.2017 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 26.06.2017 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Другие объявления

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру