ШҚО Өңірлік бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

ШҚО Өңірлік бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

22 мая 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Семей қаласы, Өтепбаев көшесі, 44 А үй мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты 54 пәтерлі тұрғын үй құрылысы», коды-300, орналасқан мекенжайы: ШҚО, Семей қ., Өтепбаев көшесі, 44 А үй.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 151 000 теңге.
Пәтер саны: 33, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы аудан 41,4 ш.м.;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 28 пәтер, ең жоғарғы аудан 64,6 ш.м.;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 75,8 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 24.05.2017 жылдан бастап 06.06.2017 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 24.05.2017 жылдан бастап 11.06.2017 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 12.06.2017 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру