Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 7 қазанынан бастап 2015 жылдың 13 қазанына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтынын хабарлайды. ЖАО-ның тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін, пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде салынып жатқан ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданда орналасқан «Төрт қабатты тұрғын үй (қосымша мансардалық қабатпен), 47 айқындама» көп пәтерлі тұрғын үй (барлығы 3 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 112 500 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: тамыз 2015 жыл. Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады. Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады. Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады. Банктің Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 25/1; мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!