Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Өскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

30 июля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды».
Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын аудан, 3 орамда орналасқан инженерлік желілері бар көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы» (119 ұстанымның мансардтық қабаты).
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2018 жыл 30 тамыз
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 100 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 2, олардың:
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 68,93 ш.м.,
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 01.08.2018 жылдан бастап 10.08.2018 жылға дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 13.08.2018 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 16.08.2018 жылдан бастап 23.08.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 16.08.2018 жылдан бастап 28.08.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 29.08.2018 жыл
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz/ www.baspana.kz. интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.







Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру