Құрметті салымшылар!
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігімен ынтымақтастық туралы келісіміне жасалған қосымша келісімдер негізінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 шағын ауданындағы тұрғын үй, 59 айқындама» нысаны бойынша: - бағасының 1 шаршы метрі «100 000 теңгеден» «110 000 теңгеге» өзгергенін; - «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылатын тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімінің «2015 жылдың «10» қарашасынан» 2015 жылдың «10» қаңтарына» өзгергенін хабарлаймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!