Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Шымкентте “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 32 мың шаршы метр жер бөлінді

Шымкентте “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 32 мың шаршы метр жер бөлінді

5 августа 2016
Бұл облыстағы тұрғын үй құрылыс аумағын кеңейтеді. Бұл мақсатқа қазірдің өзінде Ұлттық қордан 4,4 млрд теңге аударылды. Ақша жергілікті әкімдік арқылы бөлінеді.
Нәтижесінде Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығында 11 тоғызқабатты үй бой көтермек. Бұл 558 пәтердің жалпы аумағы 32 мың шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары баспананы 1 шаршы метрге 14 000 теңгеден төлеп алады.

“Бүгінгі біздің кездесуіміз аймақтағы әлеуметтік баспана құрылысы аумағын кеңейтуге бағытталған. Оның үстіне бұл облыста да және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде де мүмкіндік бар. Аймақтық бағдарламалар негізінде біз Оңтүстік Қазақстанмен тығыз байланыстамыз. Осы жылдан бастап нысан құрылысына кірісеміз”, – деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Ол “Қолжетімді баспана-2020” бағдарламасымен ОҚО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 үй берілгенін айтты. Бұл 86 мың шаршы метрді құрайтын 1400 пәтер. Айбатыр Жұмағұлов аталған аймақ үшін мұның аса үлкен емес екенін, бірақ ауқымды арттыру үшін жұмыс жасалып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, бұл облыста мемлекеттік бағдарламадан тыс, аймақтық бағдарламалар және “Өз үйің” бағдарламасы негізінде 460 пәтері бар 11 тұрғын үй тұрғызылуда.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен “Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ арасында “Нұрлы жол” мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық меморондумына қол қойылған.





Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру