Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 30 қарашасынан бастап 2 желтоқсанына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлайды. ЖАО-ның тұрғын үйді бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін, пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан Шымкент қаласы, Нұрсат мөлтек ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үй (барлығы 1- пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге. Құрылыс аяқталған.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады. Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ, Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің «Шымкент қ., Рысқұлбеков, 3Г көшесі» мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!