Шымкент қ., Нұрсат м.а. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін қосымша өтініштер қабылданатындығы туралы | 2015 жылғы 10 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейінгі аралықта Шымкент қаласы, Нұрсат мөлтек ауданындағы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлаймыз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қ., Нұрсат м.а. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін қосымша өтініштер қабылданатындығы туралы

Шымкент қ., Нұрсат м.а. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін қосымша өтініштер қабылданатындығы туралы

8 қыркүйек 2015

Құрметті салымшылар!    

2015 жылғы 10 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейінгі аралықта Шымкент қаласы, Нұрсат мөлтек ауданындағы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлаймыз. ЖАО-ның тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін, пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан Шымкент қаласы, Нұрсат мөлтек ауданында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй/кешені (барлығы 1- пәтер), №128 үй, №14 пәтер, 2 қабат, жалпы ауданы 78,62 ш.м. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылғы шілде айы.  

Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.

Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банктің Шымкент қ., Рысқұлбеков к-сі, 3Г мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. 

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру