Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Шымкент қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін қосымша өтініштерді қабылдау туралы

Шымкент қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін қосымша өтініштерді қабылдау туралы

27 апреля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға қосымша өтініш
қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы, Күншығыс ш.а., Пазиков көшесі, 21» мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы, нысан коды – 1057.

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 12.03.2018 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 180 000 теңге
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 25
Пәтер типтері:
2-бөлмелі: 13 пәтер, максималды ауданы – 66,00 ш.м
3-бөлмелі: 12 пәтер, максималды ауданы – 78,20 ш.м
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 01.05.2018ж. бастап 15.05.2018ж. дейін (қоса алғанда).
Нысан келісілген жағдайда, баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 16.05.2018 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 21.05.2018 ж. бастап 01.06.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 21.05.2018 ж. бастап 10.06.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 11.06.2018ж.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 30% болған жағдайда ғана мүмкін. Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді.
Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің интернетресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фотосуреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернетресурсында танысуға болады. Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернетресурсында
көрсетілген.
Саралауға (төлем қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізімі Банктің интернетресурсында көрсетілген www.hcsbk.kz.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды
өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру