Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

Шымкент қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

11 желтоқсан 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш
қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.

Нысан: ОҚО, Шымкент қаласы, К. Төлеметов көшесі, 50/3 мекенжайында орналасқан «Көк жайлау» көпқабатты тұрғын үй кешені. Құрылыстық типі А, 3 блок.

Тапсырыс берушінің атауы: АО НК «СПК «Шымкент»
Құрылыстың аяқталу мерзімі: желтоқсан 2018
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.
Жайлылық сыныбы: 3
Пәтер саны: 39, соның ішінде:
Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: 200 000 теңге
Пәтер түрі 1 -бөлмелі пәтер, ең үлкен ауданы 47,39 шаршы метр, (барлығы 7-пәтер)
Пәтер түрі 2- бөлмелі пәтер, ең үлкен ауданы 63,56 шаршы метр, (барлығы 16-пәтер)
Пәтер түрі 3- бөлмелі пәтер, ең үлкен ауданы 80,80 шаршы метр (барлығы 16-пәтер)
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 11.12.2018 жылдан бастап 10.01.2019 жылға дейін.
Нысан келісілген болып анықталған жағдайда, баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 11.01.2019 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 14.01.2019 ж. бастап 31.01.2019 ж. дейін
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Аралық тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру үшін, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасының кемінде 50% болуы қажет. Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады..
Банктің baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің baspana.kz және www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.



Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру