Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Шымкент қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін қосымша байқау туралы

Шымкент қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін қосымша байқау туралы

21 Мая 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы іске асырылатын кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысуға қосымша өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.
Нысан: «Шымкент қаласы, Тұлпар мөлтек ауданында орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үй кешені құрылысы (бірінші кезек), (түзету), (№1 үй, №2 үй, №3 үй, №4 үй, сыртқы инженерлік желілерсіз)».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қаңтар 2018 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 174 854 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 202
Пәтер түрі 1: 22 пәтер, ең жоғарғы аудан 33,14
Пәтер түрі 2: 19 пәтер, ең жоғарғы аудан 45,52
Пәтер түрі 3: 107 пәтер, ең жоғарғы аудан 54,45
Пәтер түрі 4: 54 пәтер, ең жоғарғы аудан 69,68
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 21.05 бастап 10.06.2018ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 11.06.2018ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 14.06.2018 ж. бастап 27.06.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 14.06.2018 ж. бастап 02.07.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 03.07.2018ж.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады.Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Құжаттар Шымкент қ. Рысқұлбеков көшесі 3Г және Шымкент қ. Тауке хан даңғылы 49 мекенжайында орналасқан Банк филиалында қабылданады. Қосымша сұрақтарыңыз туындап жатырса, Банктің Байланыс-Орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!