Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қ. тұрғын үй техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы

Шымкент қ. тұрғын үй техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы

15 мамыр 2020
Құрметті салымшылар!

2019ж. 17.10 бастап 2019ж. 03.11. дейінгі кезеңде Шымкент қаласы әкімшілік іскерлік орталығындағы 9 қабатты №7,8 тұрғын үйлердің құрылысы және Шымкент қаласы әкімшілік іскерлік орталығындағы екі блокты 9 қабатты №13,14 тұрғын үйлердің құрылысы нысаны бойынша (әрі қарай-Нысан) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға (әрі қарай-Бағдарлама) өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін салымшылардың дауыс беруі өткізілді. Салымшылардың дауыс беруінің нәтижесі бойынша (салымшылардың өтініштерін қабылдау) Нысан келісілді деп танылды және Банк салымшыларына Нысаннан тұрғын үй берілу мүмкіндігі анықталды.


«Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан жолданған хатқа сай, «ОҚО, Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің ішкі-жапсарлас коммерциялық бөлмелерімен құрылысы (№7-8 және 13,14 тұрғын үйлері)» аталмыш пәтерлерді, жас мамндарға жалға беру бағдарламасына сәйкес, Банк салымшыларына, жоғарыда аталған үйлер, қазіргі таңда, Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы тоғыз қабатты №5,6 және он екі қабатты 1,2,3,4 тұрғын үйлермен алмастырлығанын хабарлаймыз.
Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, олар Банкке хабарласып «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға берген өтініштерін жойып тастай алады.
Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді,- деп есептейтін болады. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үй өткізуді бағдарлама тәртібінде және талаптарында жалғастырады.
Осы нысанға дауыс берген және «Нұрлы жер» бағдарламасы қатысуға өтініштерін жойған Банк салымшылары Банк іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарының өткізілуіне дауыс беруге қатыса алады
Өткізілуі жоспарланып отыратын Нысандар бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz ішкі сайтынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру