Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ШҚО тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдау туралы

ШҚО тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдау туралы

16 қаңтар 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 27 қаңтарынан  бастап, 2015 жылдың 02 ақпанына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтынын хабарлайды.

ЖАО-ның тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін, пул «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады.

Нысан – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданда орналасқан «Төрт қабатты тұрғын үй, 57 айқындамасы» көп пәтерлі тұрғын үй .

Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 112 500 теңге.

Бос пәтер саны -1. Құрылыстың аяқталу мерзімі: қараша 2014 жыл.  
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бөлімінде танысуға болады.

Өтінішті Банктің барлық филиалдарында беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің:
 Шығыс Қазақстан облысы,  Өскемен қаласы, Головков көшесі, 25/1;
 Шығыс Қазақстан облысы,  Өскемен қаласы, Михаэлис көшесі, 2;
 Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 102/2; 
 мекенжайларында орналасқан бөлімшелерінде немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. 

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру