Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 16 қазанынан бастап 2015 жылдың 15 қарашасын қоса алғандағы күнге дейін тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды. Пул ШҚО-ында тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында салынып жатқан «ШҚО, Семей қаласы, №10 позициядағы Халықтық көшесі бұрышындағы, Әміре Қашаубаев көшесінде орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы» объектісіне «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Пәтерлердің бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрі 135 000 теңге тұрады, пәтерлер саны - 36 (бір бөлмелі – 9 пәтер, екі бөлмелі – 18 пәтер, үш бөлмелі – 9 пәтер). Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың қараша айы.
Банктің ШҚО, Семей қ., Ж.Шәйжүнісов көшесі, 152 а үй, телефон: 8 (7222) 56 66 35; 8 (7222) 52 28 36; 8 (7222) 56 96 77; тел. факс: 8 (7222) 56 66 35, мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанының суреттемесімен, сондай-ақ, ғимарат қасбеті мен пәтерлердің жоспарлануымен егжей-тегжейлі танысуға болады.
Өтінішті Банктің барлық филиалдарында беруге болады. Өтініш тек Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралман мәртебесіне ие Банк салымшыларынан ғана қабылданады. Тұрғын үйді одан әрі сатып алу мақсатында жалға алуға рұқсат етіледі. Өтінішті беру мерзімі мен уақыты жиналған балл саны мен өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!