Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 16 қарашадан бастап 27 қарашаға дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан ШҚО, Семей қ., Байсалықов көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үй (№1 пул бойынша барлығы 1 пәтер және №4 пул бойынша барлығы 2 пәтер) . Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында танысуға болады.
Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің «ШҚО, Семей қ., Шәйжүнісов 152 А көшесі» мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады, Банк филиалының телефон нөмірі: 8 (7222)566635.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!