Семей қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғаны туралы | Нысан: «ШҚО, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданында орналасқан 54 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», 6 позиция.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Семей қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғаны туралы

Семей қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғаны туралы

11 қазан 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданында орналасқан 54 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», 6 позиция.
Құрылыс нысаны пайдалануға 2018 жылдың қыркүйек айында беріледі
«таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000,00 теңге
Пәтер саны: 54, оның ішінде:
Пәтер түрі: 2-бөлмелі - 36 пәтер, жалпы ауданы 53,83 шаршы метр.
Пәтер түрі: 3-бөлмелі - 18 пәтер, жалпы ауданы 70,64 шаршы метр.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 08.10.2018 жылдан бастап 07.11.2018 жылға дейін
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 08.11.2018 жыл

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсы беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса отырып, Банк салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді.
Тұрғын үйдің кемінде 50%-ы ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігін растамаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй бағдарламаға өтініш берген басқа да Банк салымшылары арасында бөлінеді.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бөлімінде және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуға болады (ұялы телефоннан тегін)


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру