Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Семей қ. тұрғын үй құрылысы жөнінде ЖАО-мен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғандығы туралы

Семей қ. тұрғын үй құрылысы жөнінде ЖАО-мен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғандығы туралы

27 Января 2016
Құрметті салымшылар!

«Қазақстан тұрғын үй құрлыс жинақ банкі» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалы, ШҚО-ның әкімшілігі және «НК «СПК «Ертіс» АҚ арасында ШҚО-ында тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру туралы Ынтымақтастық келісімі аясында салынып жатқан ШҚО, Семей қаласы, 1 Мелкомбинат алаңы көшесіндегі 9 қабатты 54 пәтерлік тұрғын үй құрылысы бойынша бірге жұмыс атқару жайлы келісімге қол қойылғандығы туралы хабарлайды.
Бағдарлама аясында 4 сынып жайлылыққа сәйкес, бағасы «таза» әрлеумен 1 ш.м. 138 000 теңге тұратын, пәтерлер саны 54, оның  ішінде 54 пәтер тұрғын үй құрлыс жинақ банкіне тиесілі объект құрылысы жүргізілуде. Құрлыстың аяқталу мерзімі 2016 жылдың мамыр айы.
Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініш қабылдау мерзімі шамамен  2016 жылдың 15 ақпанынан басталады.
Банктің «ШҚО, Семей қ., Ж.Шәйжүнісов көшесі, 152 а үй» мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!