Салымшылардың назарына! | «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының назарына!
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Салымшылардың назарына!

19 шілде 2016
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Банктің «Нұрлы ғасыр» ЖК түрлі жобаларына қатыспайтындығы жайында ресми түрде хабарлайды. Өз салымшыларымыздың сақтық шараларын ұстанып, тек Банктің ресми өкілдеріне хабарласуларын сұраймыз.

Банк тарапынан азаматтарды тұрғын үй шарттарын жақсарту мақсатында қаржы салымдарын жасауға шақыратын «Нұрлы ғасыр» ЖК қызметі анықталды. Сыйақы ретінде «Нұрлы ғасыр» ЖК өз қатысушыларына «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға еш қатысы жоқ тұрғын үй сертификаттарын тапсыруда. Бұған қоса, есептік кездесулерде аталған ұйым өкілдері әдейі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тауарлық белгісін, логотипі мен жарнамалық баннерлерін барынша қолдануда.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ азаматтарға аса қырағылық танытып, әрбір ақпаратты банктің ресми өкілдерінен анықтау керектігін ескертеді.

Өз кезегінде, Банк құқық қорғау органдарына шағымданды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру