Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

9 декабря 2016
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: 9 қабатты тұрғын үй, Қарағанды қаласы, 137 тіркелу кварталы, 859 жер учаскесі, Республика даң. мен Гудермесская к. қиылысында орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың шілде айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 168 742 теңге
Жайлылық класы: IІІ - блок секция № 3, 6
ІV- блок секция № 4, 5
Пәтер саны: 144
1-бөлмелі пәтер түрі: 72 пәтер, жоғарығы көлемі – 46,47 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 36 пәтер, жоғарығы көлемі – 54,27 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 18 пәтер, жоғарығы көлемі – 68,96 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 18 пәтер, жоғарығы көлемі – 76,65 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2016 жылдың 12 желтоқсанынан бастап 25 желтоқсанына дейін.

Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда): 26 желтоқсан 2016 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру