Семей қ. тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы | 2016 жылдың «02» мамырынан бастап 2016 жылдың «10» маусымына дейін тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдайтындығын хабарлаймыз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Семей қ. тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы

Семей қ. тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы

28 қаңтар 2016
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылдың «02» мамырынан бастап 2016 жылдың «10» маусымына дейін тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдайтындығын хабарлайды. Пул ШҚО-ында тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру туралы Ынтымақтастық келісім аясында салынып жатқан «ШҚО, Семей қаласы,  1 Мелкомбинат алаңы көшесінде орналасқан тоғыз қабатты 81 пәтерлік тұрғын үй құрылысы» объектісіне «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша құрылады. Пәтерлер 4 сынып жайлылыққа сәйкес, бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 145 000 теңге тұрады, пәтерлер саны - 81 (екі бөлмелі – 54 пәтер, үш бөлмелі – 27 пәтер).  
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2016 жылдың тамыз айы.  
Өтінішті банктің барлық филиалдарында беруге болады                                                
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің «ШҚО, Семей қ., Ж.Шәйжүнісов көшесі, 152 а үй, телефон: 8 (7222) 56 66 35; 8 (7222) 52 28 36; 8 (7222) 56 96 77; факс: 8 (7222) 56 66 35» мекен-жайында орналасқан филиалында құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру