Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Петропавл қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау туралы - 55 пәтерлі тұрғын үй

Петропавл қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау туралы - 55 пәтерлі тұрғын үй

24 Февраля 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 05 наурызынан бастап 2015 жылдың 04 мамырына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды. Пул «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан СҚО, Петропавл қаласы Береке ықшам аудандағы 55 пәтерлі тұрғын үй (барлығы 28 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 100 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: маусым 2015 жыл.  
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бөлімінде танысуға болады.
Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің СҚО, Петропавл қаласы Қазақстан Коституциясы көшесі, 28 мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. 

 

Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін