Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Петропавл қ. тұрғын үй сатып алушылар және жалға алушылар пулына қатысуға қосымша өтініштер қабылдау туралы хабарландыру!

Петропавл қ. тұрғын үй сатып алушылар және жалға алушылар пулына қатысуға қосымша өтініштер қабылдау туралы хабарландыру!

15 Декабря 2014

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап 2015 жылдың 06 қантарына дейін «Микрорайон Береке»  көп пәтерлі тұрғын үйдегі (барлығы 2 пәтер) тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтынын хабарлайды,  (мекенжайы) СҚО Петропавл қаласы Береке ықшам ауданы, бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: желтоқсан 2014 жыл. 
 
Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банктің СҚО Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 28 мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. 

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!